Ол «Астана Опера» театрындағы референдум учаскесіне барған
Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Опера» театрындағы №228 референдум учаскесіне барып, дауыс берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Информбюро» сайтына сілтеме жасай отырып.
Журналистер Тұңғыш президентті сұхбатқа шақырғанымен, ол тек дауыс беріп, журналистермен амандасып, таңдауын жасаған соң кетіп қалған.
Айта кетейік, сағат 10:00-дегі мәлімет бойынша, Қазақстан халқының 19 пайыздан астамы дауыс беріп үлгерген.