Ол сондай-ақ Әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары болады
Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев депутат Снежанна Имашеваны жаңа лауазымға тағайындады, деп жазады Azattyq Rýhy.
Бұл туралы Ақорда хабарлады. Имашева уәкіл қызметінен бөлек, әйелдері ісі жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары қызметін атқармақ.
«Мемлекет басшысының өкімімен Снежанна Валерьевна Имашева Қазақстан Республикасындағы Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы төрағасының орынбасары болып тағайындалды», - деп хабарлайды Ақорда.