$ 491.29  562.92  6.1
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шығыс Қазақстаннан барған жеті дәрігер Израильдегі қақтығыс аймағында қамалып қалған (ВИДЕО)

Олар 37 сағат жол жүріп, Өскеменге жетті

Шығыс Қазақстаннан барған жеті дәрігер Израильдегі қақтығыс аймағында қамалып қалған (ВИДЕО)
Фото: скриншот

Шығыс Қазақстаннан Израильге тәжірибе алмасуға барған жеті дәрігер қақтығыс басталған кезде елге орала алмай, қамалып қалған, деп жазады Azattyq Rýhy «Астана» телеарнасына сілтеме жасай отырып.

Айта кетейік, дәрігерлер денсаулық сақтау саласын дамытудың аймақтық бағдарламасы арқылы Израильдегі әріптестерінің тәжірибесін үйренуге барған еді.

«Қақтығыс бастала сала дәрігерлерге Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі бірден байланысқа шыққан. Дәрігерлердің айтуынша, Тель-Авивтің аспаны жабылған кезде Сыртқы істер министрлігі жеті дәрігерді қауіпсіз дәліз арқылы Египетке жіберген. Египеттегі Шарм-эль-Шейхтің әуежайынан Өскеменге ұшып келген», - деп хабарлайды телеарна.

Израиль елінен уақытша шыға алмай қалған дәрігерлердің бірі – Жанболат Ғазизов үнемі байланыста болған СІМ қызметкерлері мен елшілік қызметкерлеріне сол алғыс білдірген.

«Әрине, қандай уайымды бастан кешіргенімізді сөзбен айтып жеткізе алмаймыз. Психологиялық соққы алдық десек болады. Бар ойымыз – үйге аман-есен оралу болды. Денсаулық сақтау министрлігі мен елшілік қызметкерлері үнемі байланыста болды. Қазір әрине бәрі жақсы», - дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Таяу Шығыстағы қақтығыс аймақтарынан 10 мыңға жуық азаматын елге әкелді.