Иран дрондарының Әзербайжан әуежайына шабуылы: Тоқаев мәлімдеме жасады

Автор: Алмас Ерсін

Мемлекет басшысы өз ұстанымын білдірді.

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның ұшқышсыз ұшу аппараттары Нахчыван қаласындағы әуежайды атқылауына байланысты ұстанымын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы Ақорда жазды.

Мемлекет басшысы бауырлас, одақтас Әзербайжан еліне қарсы жасалған әрекетті қатаң айыптайды.

Президент болған оқиғаның мән-жайы Иран тарапымен бірлесіп егжей-тегжейлі тергелетініне, сондай-ақ екі ел арасына сызат салған жағдай аймақтағы ахуалды ушықтырмау үшін дипломатиялық тәсілдер арқылы реттелетініне сенім білдірді.

Айта кетейік, Иран Нахичеванға дрондар арқылы шабуыл жасады. Дереккөз мәліметінше, ұшқышсыз аппараттардың бірі Нахичеван әуежайының терминалдарының біріне түскен.