Бүгін кешке Жиддандан Ақтауға тағы бір рейс ұшады
Air Astana компаниясы Сауд Арабиясынан 640 адамды Қазақстанға әкелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Азаматтық авиация комитетінің мәліметіне сүйенсек, олар 3 наурыздан 4 наурызға қараған түні Медина-Атырау, Медина-Ақтау және Жидда-Атырау арасындағы тікелей рейстерімен ұшып келген.
«4 наурызда ҚР Сыртқы істер министрлігімен бірге Жидда-Ақтау-Алматы және Жидда-Атырау-Алматы бағыты бойынша тағы екі рейс ұшады деген жоспар бар. Жиддадан Ақтауға рейс сағат 18:00-де ұшып шығып, Ақтауға 01:05+ ұшып келеді, Алматыға 06.05+ ұшып келеді. Жиддадан Атырауға сағат 20:45-те ұшып шығып, Атырауға 05:05+ ұшып келеді, Алматыға 09:55+ ұшып келеді», - деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі.