Америкалық президенттің мәлімдеуінше, Иранның әскери-теңіз күштерінің маңызды нысандары жойылған
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның әскери-теңіз штабын жойғанын және олардың тоғыз кемесінің суға батырылғанын хабарлады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Трамптың айтуынша, бұл кемелердің кейбірі стратегиялық маңызды рөл атқарған. Америкалық қарулы күштер бұнымен тоқтамайтынын да жеткізді.
«Біз қалғандарын да қуып жетеміз – олар да жақында теңіз түбінде болады! Тағы бір шабуыл барысында біз олардың әскери-теңіз штабын жойдық. Қалған күштері әлі де белсенді әрекет етуде», – деді Дональд Трамп өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Естеріңізге сала кетейік, Трамп Конгресстің рұқсатынсыз соғыс бастады деп айыпталды.