Бұл ел Тәуелсіздік күнін тойлап жатыр
Мемлекет басшысы Босния және Герцеговинаның Төралқа Төрағасын құттықтады. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қасым-Жомарт Тоқаев Желько Комшичке Босния және Герцеговинаның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады. Президент Астана мен Сараевоның дәстүрлі достық пен өзара қолдауға негізделген ынтымақтастығы қос халықтың игілігі жолында нығая беретініне сенім білдірді», — делінген хабарламада.
Айта кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ жұртын Алғыс айту күнімен құттықтады.