«Жаңа Конституция – жаңа мүмкіндіктер» атты партияаралық дебат басталды
Студиялық форматтағы пікірталас тікелей эфирде көрсетіледі
28 ақпан күні сағат 11:00-де Астанада «Жаңа Конституция – жаңа мүмкіндіктер» атты партияаралық дебат басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дебатқа 7 партиядан 14 спикер қатысып, жобаға қатысты өз ұстанымдарын білдіріп, халық сауалдарына жауап береді.
Жаңа Ата Заң жобасын талдауға арналған партияаралық дебатқа 7 партиядан 14 спикер қатысып, құжаттың негізгі бағыттары мен жаңашыл тұсын талқылайды.
Дебатқа мына спикерлер қатысады:
«AMANAT» партиясы
- А. Сарым
- Ү. Шапақ
«АУЫЛ» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы
- С. Егізбаев
- Ж. Дайрабаев
«Respublica» партиясы
- А. Ходжаназаров
- А. Қошмамбетов
«Ақ Жол» демократиялық партиясы
- А. Перуашев
- Д. Еспаева
Қазақстан Халық партиясы (ҚХП)
- М. Магеррамов
- А. Нұралин
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП)
- А. Рахымжанов
- Н. Әуесбаев
«Байтақ» жасылдар партиясы
- А. Әміртаев
- Т. Бердоңғаров
Студиялық форматтағы пікірталас «Qazaqstan» телеарнасының YouTube, Facebook, Instagram, TikTok платформаларында және Хабар арнасының YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетіледі.