Ол бүгін Астанаға ресми сапармен келді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға ресми сапармен келген Сербия президенті Александр Вучичті әуежайдан премьер-министр Олжас Бектенов күтіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Үкіметтің ресми сайтында хабарланғандай, Александр Вучичтің Қазақстанға ресми сапары аясында саяси диалогты одан әрі нығайту, сауда-экономикалық байланыстарды және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды кеңейту мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді деген жоспар бар.
«Сербия – Қазақстанның Балқан түбегіндегі жақын және сенімді серіктесі. Дипломатиялық қатынастардың 30 жылында екі ел арасында құрметке, сенімге және өзара тиімді серіктестікке негізделген достық байланыстар орнады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Сербия арасындағы тауар айналымы 7,6%-ға өсіп, $107 млн-нан асты», - деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, ертең Ақордада Тоқаев пен Вучич ресми кездеседі.