23.02.2026, 17:55
Саясат
Жаппай тәртіпсіздік басталған Мексикада Қазақстанның неше азаматы тұрады
Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады
Фото: REUTERS / Michelle Freyria
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Мексикада еліміздің неше азаматы тұратынын жария етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Айта кетейік, Әлемде ұзақ уақыт іздеуде болған есірткі барондарының бірі – мексикалық Эль Менчо арнайы операция барысында қаза болған туралы ақпарат тарағаннан кейін елдің кемі алты штатында тәртіпсіздіктер басталған еді.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің мәліметіне сүйенсек, бұл елде 35 отандасымыз тіркелген.
«Консулдық тіркеуде Қазақстан Республикасының 35 азаматы тұр. Азаматтар сабыр сақтап, абай болуды және қауіпсіз жерлерге барғаны жөн», - деп хабарлайды сыртқы істер министрлігі.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды
06.10.2026, 20:21
Қайтадан қар жауып, үсік түседі: 7 қазанға ауа райы болжамы
06.10.2026, 22:44
Оба індеті: Ресей ДДСҰ-ға маңызды мәлімдеме жасады