Тоқаев Жапония императорын туған күнімен құттықтап, жеделхат жолдады

Автор: Бақыт Шынар

Қазақстан президенті екі елдің ерекше достығын атап өткен

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония Императорының туған күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорда жазғандай, мемлекет басшысы екі ел арасындағы достық пен өзара қолдауға негізделген сан қырлы ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында жандана беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Император Нарухитоның игі бастамаларына мол табыс, ал достас жапон халқына бақ-береке тіледі.