Қазақстан президенті былтыр жыл соңында Токиода Санаэ Такаичимен жолыққан еді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония премьер-министрі Санаэ Такаичиді осы лауазымға қайта сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Президент Жапонияны еліміздің Азиядағы басты серіктестерінің бірі ретінде атап өтті. Сонымен қатар достық пен өзара түсіністікке негізделген кеңейтілген стратегиялық серіктестік қос халықтың игілігі жолында ұдайы нығая беретініне сенім білдірді», - деп хабарлайды Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев Санаэ Такаичидің аса жауапты қызметіне табыс, ал жапон халқына құт-береке тіледі.