Ерлан Өтегенов елорданың прокуроры қызметін атқарған
Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Рақымжанұлы Өтегенов Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Айта кетейік, Өтегенов 2022 жылдан бері Астананың прокуроры қызметін атқарған. Еңбек жолын Алматы облысындағы құзырлы органдардан бастаған ол кейін Бас прокуратурада маман, Астана прокурорының орынбасары қызметтерін атқарған.
Ол 1976 жылы туған, алты баласы бар.