Тоқаев 3-4 ақпан күндері Пәкістанға мемлекеттік сапар жасайды

Автор: Бақыт Шынар

Президент бизнес-форумға қатысады

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 3-4 ақпан күндері Пәкістан Ислам Республикасына мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы бүгін, 2 ақпан күні Ақорданың баспасөз қызметі.

Сапар аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Шахбаз Шарифпен және Президент Асиф Али Зардаримен келіссөздер жүргізіп, саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту перспективасын талқылайды.

Сонымен қатар Қазақстан-Пәкістан бизнес форумына қатысу жоспарланған.