Жаңа Конституция жобасының мәтіні қайда жарияланады

Автор: Бақыт Шынар

Мәтін екі ресми басылым мен конституциялық соттың сайтында жарияланады

Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Конституциялық комиссия төрағасы – Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімова жаңа Конституция жобасының мәтінін бірнеше сайтта жариялауды тапсырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

«Азаматтардың жаңа Конституция мәтінімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып, Конституциялық сот аппаратына жаңа Конституция жобасының мәтінін «Egemen Qazaqstan» және «Казахстанская правда» басылымдарында жариялауды, сондай-ақ Конституциялық соттың ресми сайтына шығаруды тапсырамын», - деді Әзімова.

Оның айтуынша, азаматтар Ата заң мәтінімен танысқаннан кейін Конституциялық комиссия жұмысын жалғастырады.