Тоқаев ел азаматтарын дүрбелеңге салынбауға шақырды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жұмысы жалғасып жатқанын айтты

Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын дәрі тапшылығын туғызып, дүрбелеңге салынбауға шақырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Менің тапсырмам бойынша құқық қорғау органдары дәрі-дәрмектің бағасын заңсыз қымбаттатқан адамдарды ұстап жатыр. Халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жұмысы жалғасуда. Ел азаматтарын дәрі тапшылығын туғызып, дүрбелеңге салынбауға шақырамын», - деп жазды Президент.

Естеріңізге сала кетсек, кеше Президент азаматтардың дәріханалардағы аса қажетті дәрі-дәрмектердің негізсіз қымбаттауына байланысты шағымы орынды екенін мәлімдеп, пандемия кезінде бұған жол беруге болмайтынын айтқан еді.