$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.07.2020, 10:16
Саясат

АҚШ 2021 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шығатынын мәлімдеді

АҚШ 1948 жылдан бері ДДСҰ құрамында

АҚШ 2021 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шығатынын мәлімдеді
Фото: ашық дереккөзден

Америка Құрама Штаттары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) құрамынан шығады. АҚШ бұл туралы ДДСҰ жарғысының депозитарийі - БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерришті хабардар еткен. Шешім 2021 жылы 6 шілдеде күшіне енуі тиіс. Бұл туралы БҰҰ жаңалықтар орталығы хабарлады.

АҚШ-тың ДДСҰ құрамынан шығатынын мәлімдегені жайлы ақпаратты БҰҰ Бас хатшысының баспасөз хатшысы Стефан Дюжаррик растады. АҚШ 1948 жылдың 21 маусымынан бері ДДСҰ құрамында.

Мемлекеттер ДДСҰ құрамына белгілі бір шартпен қабылданады. Ұйым құрамынан шығуға ниетті мемлекет бұл қадамы туралы бір жыл бұрын хабардар етуге тиіс. Сондай-ақ ДДСҰ алдындағы қаржылық міндеттемелерін толық өтеуге міндетті.

Ал, қазір ДДҰ жарғысының депозитарийі саналатын БҰҰ Бас хатшысы ұйымнан шығатыны жайлы хабарлаған мемлекеттің шарттарды сақтағаны-сақтамағанын тексеруде.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#АҚШ #ДДСҰ