07.07.2020, 21:12
Саясат
Тоқаев ел азаматтарын дүрбелеңге салынбауға шақырды
Ол халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жұмысы жалғасып жатқанын айтты
Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын дәрі тапшылығын туғызып, дүрбелеңге салынбауға шақырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Менің тапсырмам бойынша құқық қорғау органдары дәрі-дәрмектің бағасын заңсыз қымбаттатқан адамдарды ұстап жатыр. Халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жұмысы жалғасуда. Ел азаматтарын дәрі тапшылығын туғызып, дүрбелеңге салынбауға шақырамын», - деп жазды Президент.
Естеріңізге сала кетсек, кеше Президент азаматтардың дәріханалардағы аса қажетті дәрі-дәрмектердің негізсіз қымбаттауына байланысты шағымы орынды екенін мәлімдеп, пандемия кезінде бұған жол беруге болмайтынын айтқан еді.
Көп оқылған
17.10.2026, 13:01
Талдықорғанда TikTok-та балағат сөз айтқан әйелге айыппұл салынды
17.10.2026, 06:19
Атырау вокзалында жұмысшы бес метр биіктіктен құлаған: жағдайы ауыр
17.10.2026, 07:16
Тұман, көктайғақ және үсік: барлық өңірде дауылды ескерту жарияланды
17.10.2026, 21:17
Астанада әйелді жұмыс орнына дейін аңдыған мас еркек 10 тәулікке қамалды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды