Тоқаев Давостағы Конгресс орталығына келді - Ақорда

Автор: Бақыт Шынар

Ол Бейбітшілік кеңесінің жарғысына қол қою рәсіміне қатысады

Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Давостағы Конгресс орталығына келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы Ақорда жазды.

«Санаулы сәттерден кейін мұнда АҚШ Президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қою рәсімі өтеді», - деп жазады Ақорда.

Айта кетейік, Қазақстан президенті бұл сапарға Трамптың шақыруымен келді.