Дональд Трамптан келген хат: Тоқаев қандай шешім қабылдады
Қазақстанға жаңа ұйымның құрылтайшыларының бірі болуды ұсынған
АҚШ президенті Дональд Трамп мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Газа бойынша Әлем кеңесінің құрамына кіру туралы ресми шақыру жолдаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚР Президентінің көмекшісі – баспасөз хатшсысы Руслан Желдібай АҚШ президенті Дональд Трамптан мемлекет басшысының атына ресми шақыру келіп түскенін растады. Бұған дейін бірқатар елдің басшылары мұндай шақыру алған.
«Айта кетері, Қасым-Жомарт Тоқаев дүние жүзі көшбасшыларының арасында алғашқылардың бірі болып Әлем кеңесі құрамына кіруге, ал еліміз аталған ұйымның құрылтайшыларының бірі болуға ресми шақыру алды. Мемлекет басшысы АҚШ президентіне хат жолдап, шынайы ризашылығын білдірді және жаңа бірлестіктің құрамына енуге келісетінін жеткізді», - деді Желдібай.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Таяу Шығыста бейбітшілікке қол жеткізуге, мемлекетаралық сенім мен жаһандық тұрақтылықты бекітуге үлес қосуға ниетті екенін растаған.