Тоқаевтың биыл Қазақстанның неше өңірін аралағаны белгілі болды

Автор: Бақыт Шынар

Президент 16 облыс пен ірі қала әкімдерінің есебін тыңдаған

Фото: Ақорда

Биыл президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның 9 өңірін аралап, ондағы әртүрлі өндіріс нысандарын көрген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жазған.

«Биыл Мемлекет басшысының сыртқы және ішкі саясат бағытындағы қызметі өте қауырт әрі жемісті өтті. 2025 жыл елеулі саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғыруларға толы болды. Ең бастысы, халықтың тұрмыс-тіршілігінде оң өзгерістер орын алды. Жаңа өндіріс орындары ашылып, қамба астыққа толды. Тұрғын үйлер, мектептер мен ауруханалар салынып, көлік жолдары жаңартылды», - деп жазған Руслан Желдібай.

Оның дерегіне сенсек, Тоқаев биыл еліміздің 9 өңіріне жұмыс сапарымен барып, 50-ден астам өндірістік, ғылыми, әлеуметтік-мәдени нысанды аралап көрді. Сондай-ақ Президент 16 облыс және республикалық маңызы бар қала әкімдерінің есебін тыңдаған.

Айта кетейік, жуырда Тоқаев Жамбыл облысына барып, аймақтың тыныс-тіршілігімен танысқан.