Тоқаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды

Автор: Бақыт Шынар

Президентті әуежайдан облыс әкімі Ербол Қарашөкеев күтіп алды

Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорда жазғандай, президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандарды аралап көреді, экономиканың түрлі секторындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысады, сондай-ақ облыс жұртшылығымен кездеседі.

Айта кетейік, күні кеше Тоқаев Астананы дамыту туралы кеңес өткізген.