Тоқаевтың арнайы сыйлығын иеленген жас жазушылар мен ақындар белгілі болды

Автор: Бақыт Шынар

Бұл туралы Ақорда жазды

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «2025 жылы қазақстандық жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлықты беру туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорданың мәліметіне сүйенсек, арнаулы сыйлықты мына ақын-жазушылар алып отыр:

  • «Проза» номинациясы бойынша «Тергеуші» туындысы үшін Арман Ерланұлы Әлменбетке;
  • «Поэзия» номинациясы бойынша «Құмдағы хикая» өлеңдер жинағы үшін Саян Кенжеғалиұлы Есжановқа;
  • «Драматургия» номинациясы бойынша «Ақ киіз» драмалық шығармасы үшін Бауыржан Ширмединұлы Мұстафиевке;
  • «Балалар әдебиеті» номинациясы бойынша «Жазда атамның ауылында...» өлеңдер жинағы үшін Асылан Біржанұлы Тілегеновке берілді.