«Қош келдіңіз!»: Токио губернаторы Тоқаевпен қазақша амандасты (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Юрико Коикэ Қазақстан делегациясына жылы шырай танытты

Фото: скриншот

Токио губернаторы Юрико Коикэ Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен делегация мүшелеріне құрмет таныта отырып, қазақша амандасты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қош келдіңіз!», - деген губернатор Қазақстан делегациясының мүшелеріне қарап, сөзінің дұрыстығына көз жеткізді. 

Айта кетейік, қазір Жапонияда жүрген Тоқаев Токионың Smart city тұжырымдамасымен танысып, қаладағы ірі орталықтарды аралап жүр.