Тоқаев Жапония Императорының сарайына барды

Автор: Алмас Ерсін

Президент Жапония императорымен және премьер-министрімен келіссөздер жүргізеді

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония Императорының сарайына барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Император Нарухито қарсы алды», - деп жазылған хабарламада.

Еске сала кетейік, кеше емлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға ресми сапармен барды.

Қазақстан президентін Токио қаласының Ханэда халықаралық әуежайында Жапонияның мемлекеттік сыртқы істер министрі Аяно Кунимицу қарсы алды.

Мемлекет басшысы бүгін Жапония императоры Нарухитомен және премьер-министр Санаэ Такаичимен келіссөздер жүргізеді.