«Қазақстанда жаның жай табады»: 23 жыл бұрын Германияға көшіп кеткен ер адам сағынышын жеткізді (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Ол өзін қазақ ретінде санайтынын ерекше айтты

Фото: Видеодан скрин

Германияға көшіп кеткен отбасы жылы лебіз білдірген қазақ халқына алғыс айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ер адам Қазақстанға деген сағынышын айтып, желіге видео жариялаған. Осыған қатысты олар алғыстарын жеткізді.

«Қаншама адам қолдау білдірді. Өте көп. Олар енді – біздің сүйікті қазақтарымыз ғой. Ол жақтан 23 жыл бұрын көшіп кеттік. Ал жанымыз сол жақта қалып кеткендей. Мен қалаймын ба, қаламаймын ба, менен ешкім ешнәрсе сұраған емес. Көшті де өздерімен бірге алып кетті. Бұл жақта 23 жыл өмір сүрсем де сіңіп кете алған жоқпын. Бұл жақта қонақ сияқтымын. Ал ол жақ туып-өскен Отаным ғой. Адамның Отаны – біреу-ақ. Қазақтар – өте жақсы халық. Оларды жақсы көрдім, жақсы көремін, жақсы көре беремін. Мен – қазақпын», - деп ер адам ауыр күрсінді.

Ер адамның жұбайы қолдау білдіргендерге алғысын айтты.

«Бәріңізге ниеттеріңіз, көңілдеріңіз үшін көп-көп рақмет. Біздің Қазақстанның адамдары – өте мықты. Сөз жоқ, рақмет сіздерге! Аман болыңыздар! Қазақстан аман болсын! Тыныштық болсын! Әрқайсыларыңыздың үйлеріңізге мол бақыт, денсаулық тілейміз!

Бұл – сіздердің бауырсақ балаларыңыз!» - дейді жұбайы.