Астаналық ару «Ирина Кайратовнаның» әнін ым-ишара тілінде орындады (ВИДЕО)

Azattyq Rýhy

Тиктокер көпшілікті ым-ишара тілін меңгеруге шабыттандырды 

Астаналық ару «Ирина Кайратовнаның» әнін ым-ишара тілінде орындады (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Астаналық ару «Ирина Кайратовнаның» әнін ым-ишара тілінде орындап, әлеуметтік желі қолданушыларын тәнтті етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астана қаласының тұрғыны Айдана танымал тректерді ым-ишара тіліне аударады, яғни сурдоаудармамен айналысады. Айдананың видеолары TikTok трендтерінде «ұшып», көптің көңілінен шығуда. Жақында ол «Ирина Кайратовнаның» «Айдахар» әнін ым-ишара тілінде орындады.

Айдана Бастаның, KeshYou тобының, V $ X V PRiNCE рэперінің шығармашылығынан танымал әндерді «орындады».

Видеоның бірінде Айдана ым-ишара тілін бала кезінен білетінін айтты. Себебі, оның ата-анасы есту және сөйлеу қабілетінен айырылған. Тиктокер көпшілікті ым-ишара тілін меңгеруге шабыттандырды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.