Солтүстік Қазақстанда үшем дүниеге келді

Автор: Azattyq Rýhy

Дүниеге екі ұл, бір қыз келді

Солтүстік Қазақстан облысында үшем дүниеге келді. Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, балалардың жағдайы жақсы. 

Дүние есігін ашқан сәбилердің салмағы 2,6, 2,4 және 2,1 келі. Олардың екеуі ұл, біреуі қыз. 

Нәрестелердің анасы Сандуғаш Бейсенова кесір тілігі отасынан кейін жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның жағдайы тұрақты екенін жеткізді. Сандуғаш бұған дейін 3 қызын дүниеге әкелген.

Тегтер: