Елімізде коронавирусқа қарсы вакцинация 1 ақпанда басталған еді
Үкімет жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК 2021 жылдың 18 наурызында халықты КВИ-ға қарсы вакцинациялау жайында ақпаратты таратты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Вакцинаның 1 компонентін қабылдағандардың жалпы саны – 90 748 адам. Вакцинаның 2 компонентін қабылдағандардың жалпы саны – 19 427 адам», - делінген хабарламада.
Еске салсақ, елімізде коронавирусқа қарсы вакцинация 1 ақпанда басталған еді. Оны бірінші кезекте медицина қызметкерлері алды. Ендігі кезекте екпені тәртіп сақшылары мен мұғалімдер алып жатыр.