Ақордада Түрікменстан президентін қарсы алу рәсімі өтіп жатыр

Автор: Асыл Арман

Ақорданың бүгінгі мәртебелі мейманы – Түрікменстан президенті

Фото: Ақорда

Ақордада Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовті қарсы алу рәсімі өтіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорданың бүгінгі мәртебелі мейманы – Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов.

«Қазақстанның Түрікменстандағы елшісі Нұрлан Ноғаев журналистерге екі елдің ынтымақтастығы жайында мәлімет беруде», – деп жазды Борт №1.