Полиция жүргізушінің үстінен қылмыстық іс қозғады
Көкшетау қаласында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол-көлік оқиғасына себеп болған мас жүргізушіні қолға түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға 19 қараша күні болды. Қиылыста «HondaCivik» маркалы автокөліктің 31 жастағы жүргізушісі бағдаршамның қызыл түсіне тоқтап тұрған «HyundaiTucson» автокөлігіне соғылған.
Апат болған жерге келген полиция қызметкерлері оқиға болған жерді тексеріп, екі көліктің жүргізушілерінен де сұхбат алды.
«Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, «ondaCivik» жүргізушісі басқару кезінде орташа дәрежелі мас күйінде болған. Сонымен бірге, белгілі болғандай, ол бұрын мас күйінде көлік жүргізгені үшін басқару құқығынан айырылған.
Бұл факт бойынша полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғады», – делінген облыстық ПД хабарламасында.