Алматыда Әл-Фараби даңғылының бойында Toyota көлігі өртеніп кетті

Автор: Асыл Арман

Қаланың қақ ортасында бірнеше көлік соқтығысып қалды

Алматыда Әл-Фараби даңғылының бойында бірнеше автокөлік соғылып, салдарынан Toyota көлігі өртеніп кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әкімшілік полиция басқармасының мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бүгін таңғы сағат 7-де Алматы қаласының Бостандық ауданында болған.

Toyota автокөлігінің жүргізушісі Әл-Фараби даңғылы бойымен батыс бағытқа қозғалып келе жатып, Жароков көшесінен шығысқа қарай қарсы жолаққа шығып кетіп, шығысқа қарай бағыт алған Lexus көлігімен соқтығысқан.

«Соқтығыстан кейін жол апаты салдарынан тоқтап тұрған Lexus көлігіне осы даңғылмен шығысқа қарай келе жатқан Hyundai автокөлігі соғылған. Қақтығыстан соң Toyota автокөлігіне от тұтанған.

Апат салдарынан Toyota көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы, сондай-ақ Lexus автокөлігінің жүргізушісі түрлі дене жарақаттарын алған», – делінген қалалық ПД хабарламасында.

Жол-көлік оқиғасының мән-жайын Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр.