Суда жүзуден Қазақстан рекорды жаңарды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Ол халықаралық турнирде үшінші орын алды

Фото: Olympic.kz

Қазақстандық спортшы Ғалымжан Балабек Беларусьте өткен халықаралық турнирде қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Отандасымыз 200 метрге еркін стильде жүзуден үшінші орынға ие болды.

Балабек қашықтықты 01:45.68 уақытта жүзіп өтті. Осылайша ол Қазақстан рекордын жаңартты.