24.11.2025, 10:55
Жаңалықтар
Үлкен Алматы шыңына шыққан екі адам төмен түсе алмай, құтқарушыларды шақыруға мәжбүр болды
Олар шыңға шыққанда қараңғы болып кеткен
Фото: ҚР ТЖМ
Іле Алатауының Үлкен Алматы шыңына шыққан екі адам қараңғы түскендіктен өз бетінше төмен түсе алмай, қиын жағдайда қалып, амалсыздан құтқарушыларды шақыруға мәжбүр болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚР ТЖМ мәліметінше, олар шыңға күндіз көтерілген, бірақ қараңғы түскендіктен төмен түсу мүмкін болмаған. Көмек сұрап, өздерінің Қотырбұлак шыңында екенін хабарлады.
Оқиға орнына шыққан ТЖМ құтқарушылары Қотырбұлак шыңы бағытында жүріп, оларды Букреев шыңында тапты.
«Үйлесімді және кәсіби іс-қимылдардың арқасында барлық олар таудан сәтті түсірілді. Ешкім медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ», – делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.
Көп оқылған
23.02.2026, 15:59
Үйіне алдап шақырған: БҚО-да ер адам кәмелеткен толмаған қыз баланы зорлады деген күдікке ілінді
23.02.2026, 12:49
Қымызды көп ішіп қойыпты: Павлодарда Жеке сот орындаушылары палатасының басшысы ұсталды
Бүгін, 09:58
«Прокурорлар алып кетті»: Шортандыда төрт бала ата-анасы бар бола тұра жетім қалды (ВИДЕО)