ШҚО-да полицейлерге қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етсін деп 200-ге жуық жаңа көлік берілді

Автор: Мөлдір Қазыбай

ШҚО Полиция департаменті қауіпсіздікті күшейтуде

Фото: ШҚО ПД

ШҚО-ның орталығы – Өскемен қаласында полицейлерге қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етсін деп 200-ге жуық жаңа көлік берілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Өскемен қаласында полиция бөлімшелеріне жаңа қызметтік автокөліктерді салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Арнайы техниканың кілттерін жеке құрамға облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов табыстады.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, автопаркті жаңарту – ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі. Полицияға берілген жаңа автокөліктер заманауи талаптарға сай: олар сенімді байланыс құралдарымен, бейнетіркеу жүйелерімен, бағыттау құрылғыларымен, арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен, сондай-ақ жедел қызмет атқаруға қажетті басқа да техникалық мүмкіндіктермен жабдықталған.

Жаңа автокөліктер патрульдік полиция, учаскелік инспекторлар, ювеналды полиция бөлімшелері және өңірдің аумақтық бөлімдері арасында бөлінетін болады.