Ол – Қарағанды облысының тұрғыны
Қазақстанда 30 жыл бойы жол ережесін бірде-бір рет бұзбаған жүргізуші табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қарағанды облысында жол қозғалысы мәдениетін арттыруға бағытталған «Үлгілі жүргізуші» акциясы жалғасып жатыр. Патрульдік полиция қызметкерлері ережені қатаң сақтап жүрген жүргізушілерді тоқтатып, алғыс білдіруде.
Солардың ішінде ерекше көзге түскен тұлға – 30 жылдық тәжірибесі бар Светлана Швачкина. Ол үш онжылдықта бірде-бір рет жол ережесін бұзбаған әрі жол-көлік оқиғасына ұшырамаған.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Светлана бүгінде №95 мектеп-гимназиясында жас инспекторлар үйірмесіне жетекшілік етіп, балаларға жолдағы жауапкершілік пен қауіпсіздікті үйретеді:
«Жол қауіпсіздігін мектеп қабырғасынан бастап түсіндіру өте маңызды. Ережені қатаң сақтаңыздар, жылдамдықты асырмаңыздар және қарсы бағытқа шықпаңыздар», — деп Светлана жүргізушілерді сақтыққа шақырды.