Оқыс оқиға 20 қараша күні болды
«Нұр-Мұқасан» тобының бұрынғы әншісі Мұқасан Шахзадаев өзінің орнына келген Ғалымжан Сүлейменді достарымен бірге аяусыз ұрып-соққаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы ол қоғам белсендісі Жан Ахмадиевке берген пікірінде айтты. Ғалымжан Сүлейменнің сөзінше, олардың арасындағы дау топтың әндерін рұқсатсыз орындағаннан басталған. Төбелес 20 қараша күні болған.
«Әнді менің рұқсатымсыз орындағандарың үшін сотқа бердім деп хабарласты. Мән-жайды түсіндірдім, негізі түсінді. Ертесінде жанындағы күшіктері келді. Кластасымен бірге. Маскасын киіп алып, боқтап кетті. Содан мен шығып кеттім. Әңгімеміз жараспай тұр, сау болыңыз, ертең сөйлесейік дедім. Қақпадан шығып бара жатқанымда артымнан келіп, өзі ұрып бастады. Жанындағы екеуімен бірге жабылып кетті. 102 шақырды, бірақ бізді алып кетті, олар қалды», - дейді топтың жаңа әншісі.
Ол өз сөзінде Жан Ахмадиевтің «Мұқасан мас болды ма?» деген сұрағына «иә» деп жауап берді.
«Мұқасанды қамаған жоқ. Тіпті, есігінің алдынан шығарып салды ғой, барып білгеніңді істе деп. 102 керісінше мені алып кетті», - дейді Ғалымжан Сүлеймен.