Мексикалық суретшінің картинасы 54,7 млн долларға сатылды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Ол әйел суретшілер арасында рекорд жаңартты

Фото: Bild

Мексикалық суретшінің Фрида Калоның картинасы аукционда 54,7 миллион долларға сатылды. Осы арқылы ол әйел суретшілер арасында жаңа рекорд орнатты. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фрида Кало (1907-1954) шығармашылығында Мексиканың ұлттық дәстүрлерінен, соның ішінде «Өлілер күнінен» ерекше шабыт алған. 1940 жылы ол El sueño (La cama) туындысын салып шықты. Онда суретші өз-өзін жамылғышпен, төсекте ұйықтап жатқан күйде бейнелейді, ал оның жоғары жағында қолында гүл мен жарылғыш зат ұстаған қаңқа бейнеленген. Бұл – өлімнің әрдайым жақын екенін білдіретін символ, бірақ сонымен бірге үміт пен өміршеңдіктің белгісі. Полиомиелит пен ауыр жол апатынан алған жарақаттарына байланысты Фрида Кало көп уақытын төсекте өткізген, міне дәл осы төсегінде сурет салуды бастаған.

«Бұл рекорд біздің қаншалықты алға жылжығанымызды көрсетеді – Фрида Калоның дарынын мойындауда ғана емес, сонымен қатар әйел суретшілердің өнер нарығындағы ең жоғары деңгейде бағалануы жағынан да», - деді Sotheby’s аукционының латын америкасы өнері бөлімінің басшысы Анна Ди Стаси.

Sotheby’s аукционында екі қатысушы арасында бес минутқа созылған шиеленісті сауда болды. Ақырында олардың бірі жеңіске жетті. Бұған дейін El sueño (La cama) картинасы 1980 жылы аукционға қойылып, небәрі 51 000 долларға сатылған еді. Содан бері бағасы мың есеге өсті.

Осылайша, Кало бұрынғы рекорд иесін – Джорджия О’Кифтің 2014 жылы 44 миллион долларға сатылған Jimson Weed/White Flower No. 1 картинасын басып озды.