Астанада электр энергиясынан ажыратылған үйлерге жарық берілді
Әкімдік түсініктеме берді
Астанада электр энергиясынан ажыратылған бірнеше тұрғын үй кешенінде жөндеу жүргізіліп, нәтижесінде жарық берілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, «Астана-РЭК» АҚ-ның жедел бригадалары РП-217 нысанындағы электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмысын толық аяқтады.
«Сағат 21:19-да барлық шектеу толық алынды. Барлық тұрғын үй кешенінде электрмен жабдықталу қалпына келтірілді.
Еске сала кетейік, сағат 15:15-те бес тұрғын үй кешеніне электр энергиясы берілген болатын.
Жоғары кернеулі жабдыққа жүргізілген сынақтар сәтті өтті», - делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, электрмонтер бригадалары барлық трансформаторлық қосалқы станциясында дизельдік-генераторлық қондырғыларды кезең-кезеңімен ажырату арқылы электрмен жабдықтау схемаларын қалпына келтіруге кірісті.