«Қалайсың?»: жапониялық блогер жігіт қазақша сөйлеп, жұртты таң қалдырды (ВИДЕО)

Автор: Мөлдір Қазыбай

Видеоның қаралымы – 400 мыңға жуық

Фото: Видеодан скрин

Жапониялық блогер Yuji Beleza қазақша сөйлеп, жұртты таң қалдырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Блогер сауда орталықтарының бірінде серуендеп жүрген бүлдіршінге қазақ тілінде сөйлеп «Қалайсың? Атың кім?» деп сұрағын қояды. Осыдан кейін Қазақстанның брендіне айналған «Қазақстан» шоколадын сұрайды.

«Менің атым – Юсуф. Шоколад бар. Мен Қазақстанды жақсы көремін», - дейді кішкентай балақай.

Бейтаныс бүлдіршін жапон жігіттің сұрағына жауап беріп, арнайы дайындап қойған «Қазақстан» шоколадын сыйға тартады.

Yuji Beleza – көп тіл білуі арқылы танылған блогер. Ол әлеуметтік желіде әлемнің түрлі елдерін аралап жүріп, саяхаттап жүрген туристермен олардың ана тілінде сұхбат құрады. Instagram желісінде 6 млн-нан аса оқырманы бар. Ал видеолары миллиондаған қаралым жинайды.