Астанада жарықсыз қалған үйлер: қала әкімдігі жөндеу барысы туралы мәлімдеме жасады

Автор: Мөлдір Қазыбай

Әкімдік жүргізілген жұмысқа мәлімдеме жасады

Фото: istockphoto.com

Астана қаласының әкімдігі жарықсыз қалған үйлерге байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әкімдіктің мәліметінше, «Астана-РЭК» АҚ-ның жедел қызмет бригадалары РП-217 нысанындағы электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмысын жалғастырып жатыр.

Қазіргі уақытта мынадай нәтижелерге қол жеткізілді:

  • 15:15-де бес трансформаторлық қосалқы станцияға электр қуаты берілді, нәтижесінде бес тұрғын үй кешенінің жарығы қалпына келтірілді.
  • 16:50-де қосалқы станциялардың біріне дизель генераторлық қондырғы (ДГҚ) қосылды.

«Тағы төрт трансформаторлық қосалқы станцияға ДГҚ қосу жұмысы жалғасып жатыр. Қалған көпқабатты үйлерге де жарық беру бойынша қалпына келтіру шаралары жүргізіліп жатыр», - делінген қала әкімдігінің мәлімдемесінде.