23 қарашада бірнеше өңірде қар жауып, боран соғады

Автор: Дәулет Ботагөз

Бірқатар өңірде күн райы құбылады

Фото: © istockphoto.com

«Қазгидромет» 23 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің айтуынша, бірқатар өңірде күн райы құбылып, жауын-шашын мен тұман болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Солтүстікте — қарлы боран, орталықта — жаңбыр мен қар

Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік өңірлерде және күндіз орталық Қазақстанда тұрақсыз ауа райы сақталады.

Бұл аймақтарда жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, сондай-ақ боран соғатыны болжанып отыр.

Шығыста көктайғақ болады

Солтүстік пен шығыста көктайғақ күтіледі.

Жолдарда мұз қату ықтималдығы жоғары болғандықтан, мамандар жүргізушілерге барынша сақ болуды ескертеді.

Қалған аймақтарда жауын-шашын болмайды

Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Алайда республиканың әртүрлі өңірлерінде тұман түсіп, көріну қашықтығы едәуір төмендеуі мүмкін.

23 қараша күні желдің екпіні солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста, оңтүстікте күшейеді деп күтіледі.