Бұл қалаларда қолайсыз метеорологиялық жағдай тіркеледі
22 қарашада Қазақстанның сегіз қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай тіркеледі. Синоптиктер тұрғындарға сыртта ұзақ жүрмеуді ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазгидромет» мәліметінше, сенбі күні келесі қалаларда қолайсыз метеожағдай байқалады:
Мамандардың айтуынша, қолайсыз метеожағдай – атмосферадағы зиянды заттардың тарауына кедергі келтіретін ауа райы факторларының жиынтығы. Оған штиль, әлсіз жел, туман мен инверсия секілді құбылыстар кіреді. Мұндай жағдайда қаланың төменгі қабатында зиянды бөлшектер жиналып, ауаның ластану деңгейі өседі.
Қолайсыз метеожағдай кезінде денсаулыққа зиян заттар ауада қалып, әсіресе ірі автожолдардың маңында шоғырланады.
Дәрігерлердің кеңесі:
Созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдар сыртқа шыққанда қажетті дәрілерін өзімен алып жүруге тиіс.
Қолайсыз метеожағдай кезінде далада ұзақ жүрмеңіз, сыртта спортпен айналысуды кейінге қалдырыңыз, балалар мен қарт адамдарды үйде қалдырған дұрыс, маска немесе респиратор қолдану ауадағы бөлшектерден қорғайды.