Вьетнамда су тасқынынан 40 адам қаза тапты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бас хатшысы То Ламға көңіл айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Вьетнамның орталық аймақтарында болған су тасқыны салдарынан көптеген азаматтың қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жазған.
Президент табиғи апаттан қайтыс болған адамдардың туыстарына сабыр, ал жарақат алған жандардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірген.
Айта кетейік, Вьетнамда су тасқынынан 40 адам қаза тапқаны хабарланған болатын.