Қазақстанның бидайы Әзербайжан арқылы жеткізілді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян БАҚ өкілдеріне арнап брифинг өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мен Әзербайжан басшысына санкцияларды алып тастап, өз елі арқылы екіжақты тікелей сауда жүргізу туралы шешім қабылдағаны үшін ризашылығымды білдірдім. Мысалы, биылғы қараша айында Әзербайжан аумағы арқылы Арменияға Қазақстан бидайының алғашқы 1 мың тоннасы жеткізілді. Бұл бастаманың саяси және экономикалық мән-маңызы айрықша. Біз Арменияға жоғары сапалы астық өнімдерін және басқа да тауарларды тұрақты түрде жеткізуге дайынбыз Осы бағыттағы жұмысқа күш-жігерімізді жұмылдыруға уағдаластық. Екі ел арасында тікелей әуе рейсін ашу және әуемен жүк тасымалдау жұмысын ретке келтіру – маңызды міндеттің бірі, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Айта кетейік, Қазақстан мен Армения Ақордада он бес түрлі құжатқа қол қойды.