Синоптиктер жұма күні еліміздің қалаларында ауа райы қандай болатынын болжады
«Қазгидромет» 21 қарашаға жасалған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астанада көшпелі бұлт шығады, кей уақытта жаңбыр мен қар жауады. Жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ және тұман болады. Оңтүстік-батыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +1…+3°, күндіз +1…+3°.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Шығыстан 2–7 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +2…+4°, күндіз +12…+14°.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-шығыстан 3–8 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде –1…+1°, күндіз +14…+16°.
Ақтауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 7–12 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +9…+11°, күндіз +17…+19°.
Ақтөбеде ауа райы бұлтты болады, кей уақытта жаңбыр жауады. Күндіз тұман түседі. Оңтүстік-батыстан 4–9 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +7…+9°, күндіз +7…+9°.
Атырауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыс және оңтүстік-шығыстан 2–7 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +8…+10°, күндіз +13…+15°.
Жезқазғанда көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз жауын-шашын (негізінен жаңбыр) түседі. Оңтүстік-батыстан 4–9 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде –1…+1°, күндіз +7…+9°.
Қарағандыда көшпелі бұлт шығады, кей уақытта жаңбыр мен қар жауады. Оңтүстік-батыстан 5–10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде –2…0°, күндіз +3…+5°.
Көкшетауда көшпелі бұлт шығады, түнде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады және тұман түседі. Солтүстік-батыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде –2…0°, күндіз –2…0°.
Қонаевта көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 0…+2°, күндіз +11…+13°.
Қостанайда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Тұман түседі. Оңтүстік-батыстан 5–10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде –2…0°, күндіз 0…+2°.
Қызылордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман болады. Оңтүстік-шығыстан 5–10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде –3…–1°, күндіз +11…+13°.
Павлодарда күн бұлтты, қар мен жаңбыр жауады, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 0…+2°, күндіз 0…+2°.
Петропавлда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман болады. Батыстан және солтүстік-батыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +4…+6°, күндіз –3…–1°.
Семейде ауа райы бұлтты болады, жаңбыр және қар жауады. Түнде көктайғақ болады. Оңтүстіктен және оңтүстік-батыстан 5–10 м/с, күндіз 15–18 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 0…+2°, күндіз +3…+5°.
Талдықорғанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Шығыстан 1–6 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде –4…–2°, күндіз +12…+14°.
Таразда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 0…+2°, күндіз +12…+14°.
Түркістанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан 3–8 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде –2…0°, күндіз +12…+14°.
Оралда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыс және шығыстан 7–12 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде –3…–1°, күндіз +5…+7°.
Өскеменде көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз жаңбыр мен қар жауады. Көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан түнде 2–7 м/с, күндіз 7–12 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде –2…0°, күндіз +1…+3°.