$ 518.19  597.32  6.43
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Абай облысында 39 млн теңге қарызын төлемеген ер адам істі болды

Оның ісі сот отырысында қаралды

Абай облысында 39 млн теңге қарызын төлемеген ер адам істі болды
Фото: freepik.com

Үржар ауданында азамат Т.-ға қатысты жарты жылдан астам уақыт бойы заңды күшіне енген сот шешімін әдейі орындамағаны үшін қозғалған қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Абай облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарызы 39,3 млн теңгеден асқан

Іс материалдарына сәйкес, оның өтелмеген қарызы 10 мың айлық есептік көрсеткіштен (39 320 000 теңге) асқан. Алайда борышкер борышын өтеуге әрекет жасамағаны аздай, оның орындалуына әдейі кедергі келтірген.

Ол жеке сот орындаушысына жалған құжаттар тапсырған. Сонымен қатар мүлкіне қойылған тыйым уақытша алынған кезеңде көлік сату және сатып алу мәмілелерін жасап, түскен ақшаны жеке қажетіне жұмсаған.

Оның әрекеті ҚК-нің 430-бабы 2-бөлігі бойынша сот актісін орындаудан жалтару деп бағаланған.

Сот жеке сот орындаушысына қатысты жеке қаулы шығарды

Істі қарау барысында Үржар аудандық соты азамат Т.-ның сот шешімін орындауға нақты мүмкіндігі болғанын, бірақ оны әдейі жасамағанын анықтады.

Процесс нәтижесінде сот істі жүргізуге қатысқан жеке сот орындаушысына қатысты жеке қаулы шығарып, оны Абай облысының сот орындаушылар палатасына жіберді.

Апелляция өзгеріссіз қалдырды

Қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот бірінші инстанция үкімін және жеке қаулыны өзгеріссіз қалдырып, оның заңдылығын растады.

Серіктес жаңалықтары