Жер асты дүмпуінің эпицентрі Қытай аумағында орналасқан
Қазақстанның сейсмологтары көршілес Қытай елінің аймағында болған жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстанның Ядролық орталығының құрамындағы Геофизикалық зерттеулер институтының Ұлттық деректер орталығы 2025 жылғы 19 қараша күні Астана уақытымен 23:45-те жер сілкінісін тіркеген.
Жер асты дүмпуінің эпицентрі Қытай аумағында – Үрімші қаласының шығыс жағында орналасқан. Жер сілкінісінің магнитудасы 4,4, энергетикалық класы – 11. Ошағы 10 шақырым тереңдікте болған.