Қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады: синоптиктер 20 қарашаға болжам жасады

Автор: Алмас Ерсін

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын түседі

Фото: istockphoto.com

Қазақстанда 20 қарашада кей жерлерде жауын-шашын түседі, тұман басып, көктайғақ болады және екпінді жел соғады. Түнде ауа температурасы көбіне нөлден төмен болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Астанада көшпелі бұлт шығады, күннің екінші жартысында жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан 9–14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 0–2° аяз, күндіз 5–7° жылы.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Шығыстан 3–8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 4–6°, күндіз 14–16° жылы.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз . Шығыстан 3–8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 0–2°, күндіз 13–15° жылы.

Ақмола облысында көшпелі бұлт шығады, түнде солтүстікте жаңбыр мен қар жауады, күндіз жаңбыр жауады. Батыста, солтүстікте және шығыста тұман түседі. Оңтүстік-батыстан 9–14 м/с жел соғады, кей жерлерде екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде –3 +2°, күндіз 2–7° жылы.

Алматы облысында көшпелі бұлт шығады, тауларда аздаған жаңбыр мен қар жауады. Шығыстан 9–14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 2–7° жылы, тауда –3 –8° аяз, күндіз 11–16°, тауда 2–7° жылы.

Жетісу облысында көшпелі бұлт шығады, оңтүстікте және орталықта жаңбыр жауады, тауларда жаңбыр мен қар болады. Оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с жел соғады, Алакөлде екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде –1 – +4°, тауда –6° аяз, күндіз 10–15°, тауда 5° жылы.

Түркістан облысында көшпелі бұлт шығады, түнде тауларда жаңбыр мен қар жауады. Солтүстікте және тауларда тұман түседі. Шығыстан 8–13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде –2 – +3°, тауда –6° аяз, күндіз 11–16°, тауда 8° жылы.

Батыс Қазақстан облысында көшпелі бұлт шығады, түнде батыста, солтүстікте және шығыста жаңбыр жауады. Осы жерлерде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысып 9–14 м/с, түнде екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде 3–8°, күндіз 7–12° жылы.

Атырау облысында көшпелі бұлт шығады, күндіз батыста және солтүстікте аздаған жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстіктен және оңтүстік-батыстан 9–14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 5–10°, күндіз 11–16° жылы.

Маңғыстау облысында көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең солтүстік-батыста тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 7–12°, солтүстік-шығыста 3°, күндіз 15–20°, солтүстікте 12° жылы.

Ақтөбе облысында көшпелі бұлт шығады, түнде солтүстікте аздаған жаңбыр жауады, күндіз солтүстікте, батыста және шығыста жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел 9–14 м/с, солтүстікте екпіні 15–18 м/с. Ауа температурасы түнде 0–5°, күндіз 7–12°, оңтүстікте 15° жылы.

Қостанай облысында көшпелі бұлт шығады, түнде жаңбыр мен қар жауады, көктайғақ болып, боран соғады. Күндіз жауын-шашын жалғасады. Тұман түседі. Жел 9–14 м/с, кей жерлерде 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде –3 +2°, батыста +5°, күндіз 0–5°, оңтүстікте 8° жылы.

Солтүстік Қазақстан облысында көшпелі бұлт шығады, түнде жаңбыр мен қар жауады, көктайғақ болып, боран соғады. Күндіз де жауын-шашын қайталанады. Тұман түседі. Жел 9–14 м/с, кей жерлерде 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде –2 +3°, күндіз 0–5° жылы.

Павлодар облысында көшпелі бұлт шығады, күндіз солтүстікте және батыста жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел 9–14 м/с, күндіз 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде 0–5° аяз, күндіз 3–8° жылы.

Қарағанды облысында көшпелі бұлт шығады, күннің соңында батыста және солтүстікте жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде 0–5°, батыста –9° аяз, күндіз 5–10°, шығыста 2° жылы.

Ұлытау облысында көшпелі бұлт шығады, күннің соңында батыста және солтүстікте аздаған жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде –1  –6°, күндіз 6–11° жылы.

Шығыс Қазақстан облысында көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде 4–9°, солтүстікте –15 – 20° аяз, күндіз 2–7° жылы, солтүстікте және шығыста 2° аяз.

Абай облысында көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады. Жел 9–14 м/с, кей жерлерде 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде 1–6°, шығыс пен оңтүстік-шығыста –11° аяз, күндіз 5–10° жылы, шығыста және оңтүстік-шығыста –1°.

Қызылорда облысында көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Тұман түседі. Жел 5–10 м/с. Ауа температурасы түнде 0–5° аяз, батыста +3°, күндіз 9–14° жылы.

Жамбыл облысында көшпелі бұлт шығады, түнде оңтүстікте және тауларда жаңбыр мен қар жауады, күндіз тауда жаңбыр жауады. Тұман түседі. Жел 9–14 м/с, тауда екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде 1–6° жылы, тауда және солтүстікте –4° аяз, күндіз 12–17°, тауда және солтүстікте 9° жылы.