20.11.2025, 00:30
Жаңалықтар
Астананың бас санитарлық дәрігері ЖРВИ-дің көбеюіне байланысты қаулы шығарды
Мектептер қажет болған жағдайда қашықтықтан оқытуға ауыса алады
Фото: freepik.com
Астанада жедел респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) мен тұмау жұқтырғандардың көбеюіне байланысты Астананың бас санитарлық дәрігері Айгүл Шағалтаева санитариялық-індетке қарсы іс-шараларды жүргізу туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бас санитарлық дәрігер Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысына:
- үйге шақыртуларды қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасауды (қосымша автокөлік құралдары, жанар-жағармай материалдары, тіркеу бөлімінің кезекшілік режимін ұйымдастыру);
- медициналық персонал мен пациенттердің маска режимін бақылауды;
- жүкті әйелдер мен 1 жасқа дейінгі балалардың ЖРВИ, тұмау және олардың асқынулары (пневмония) белгілері болған жағдайда үйге шақыртуларын бірінші кезекте орындау, күнделікті патронажын және дер кезінде госпитализациясын қамтамасыз етуді;
- медициналық ұйымдардың жұмыс уақытын 08:00-ден 20:00-ге дейін, демалыс және мереке күндері 08:00-ден 18:00-ге дейін ұзартуды тапсырды.
Астана қаласының Білім басқармасы басшысына тапсырылды:
- 2025 жылғы 20 қарашадан 5 желтоқсанға дейінгі кезеңге сыныптағы оқушылар санының 30% және одан да көбі ЖРВИ-мен сырқаттану тіркелген жағдайда оларды қашықтан оқыту форматына ауыстыру;
- бір инкубациялық кезең ішінде бір сыныптағы оқушылардың жалпы санының 20–30%-ында ЖРВИ жағдайлары тіркелген кезде жалпы білім беретін ұйымдарда кабинет жүйесі жойылады;
- әр ауысым алдында «таңғы сүзгіні» жүргізу, жедел респираторлық ауру белгілері бар мектеп оқушылары мен мектепке дейінгі ұйымдарға баратын балаларды, сондай-ақ педагогтарды сабаққа жібермеу;
- балалар, жасөспірімдер және қызметкерлердің күнделікті қатысу мониторингін жүргізу, болмау себептерін анықтау және ауру жағдайлары туралы медициналық ұйымдар мен аумақтық бөлімшелерге ақпарат беру;
- «таңғы сүзгі» кезінде анықталған ЖРВИ және тұмау белгілері бар балаларды (қызметкерлерді) сабақтан (жұмыстан) уақытылы шеттету, оларды медициналық пунктке немесе үйге жіберіп, үйге учаскелік дәрігерді шақыру;
- бұқаралық (мәдени, мерекелік және спорттық) іс-шараларды өткізуді тоқтату.
Қаулының толық мәтінін мына жерден оқуға болады.
Көп оқылған
08.07.2026, 17:14
Сталкинг пе, қылмыс па: Атырауда әйел адам экс-сүйіктісінен қашамын деп өзі сотталып кетті (ВИДЕО)
08.07.2026, 10:40
Шығын – 2 млрд теңге: Қарағанды облысында темір кенін заңсыз өндіріп, шетелге сатқандар сотталды
08.07.2026, 09:52
ҚТЖ басшысы қызметінен босатылды
08.07.2026, 15:58
Теңге нығайып келе ме: 8 шілдеге арналған доллар бағамы жарияланды
08.07.2026, 09:08
Жоғарғы соттың төрағасы тағайындалды